USD
USD
USD

Токио-2020: Мейрамбек Айнағұлов қырғыз балуанынан жеңілді

Токио Олимпиадасында грек-рим күресінен Мейрамбек Айнағұлов алғашқы кездесуде қарсыласына есе жіберді.

Токио-2020: Мейрамбек Айнағұлов қырғыз балуанынан жеңілді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қазақстандық спортшы 60 келіде қырғызстандық Жоламан Шаршенбековпен шеберлік байқасты. Қарсыласы да осал емес. 2018 жылы әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанған. Ал Мейрамбек 2017 және 2019 жылдарда әлем чемпионатында екі медаль алып қайтқан болатын. Бүгінгі белдесуде қырғыз балуаны мықтылығын танытты.

Ол Мейрамбектен 8:0 есебімен басым түсті. Нәтижесінде ширек финалға жолдама алды. Айта кетейік, Олимпиадада енді грек-рим күресінен Демеу Жадыраев (77 келі) пен Нұрсұлтан Тұрсынов (87 келі) ел намысын қорғайды. Еске салсақ, бүгін бокстан Қамшыбек Қоңқабаев (91 келіден жоғары) пен Әбілхан Аманқұл (75 келі) шаршы алаңға шығады.

Қазір оқып жатыр

Путиннен Қазақстанға әскер кіргізуді сұраған әйелді ҰҚК ұстады

ҰҚК

Тоқаевтың сынынан кейін «Самұрық-Энерго» басшысы қызметінен кетті

Қайрат Мақсұтов

Ерекше балалар үшін ата-аналар амалсыз ауылдан көшеді – Аймағамбетов

Ерекше балаларға арналған орталық

Genesis көліктерінен өрт шығу қаупі: Қазақстанға қатысы бар ма?

Astana Motors