USD
USD
USD

Токио-2020: Медаль кестесінде Қазақстан 55-орынға сырғыды

 XXXII Жазғы Олимпиада ойындарының 29 шілдедегі медаль кестесінде Қазақстан тағы 3 саты төмендеді.

Токио-2020: Медаль кестесінде Қазақстан 55-орынға сырғыды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қазақстан қоржынындағы медаль саны әлі де өзгеріссіз. Дзюдошы Елдос Сметов, ауыр атлеттер Игорь Сон мен Зульфия Чиншанло жеңіп алған қола 3 медальдің көмегімен кестенің 55-ші сатысында тұрмыз. Екі күні бойы Қазақстанмен бір орынды бөлісіп тұрған Украина бүгін тағы бір қола медаль алып, бір саты өрледі.

Жалпы медаль алған мемлекеттердің саны 66-ға жетті. Командалық есепте медаль саны бойынша 15 алтын 7 күміс, 9 қола медальмен Қытай алға шықты. Екінші орынға ығысқан Жапонияның алтын медальдарының саны да 15. Алайда күміс және қола медаль саны Қытайдікінен аз (4 күміс, 6 қола). Үздік үштікті түйіндеп тұрған АҚШ-тың еншісінде әзірге 14 алтын, 14 күміс, 10 қола медаль бар.

Медаль саны бойынша алғашқы ондықта тұрған командалардың көрсеткіштері мынадай:

1. Қытай - 15-7-9

2. Жапония - 15-4-6

3. АҚШ - 14-14-10

4. Ресей - 8-11-9

5. Аустралия- 8-2-10

6. Ұлыбритания - 5-7-6

7. Оңтүстік Корея - 4-3-5

8. Франция - 3-5-3

9. Германия - 3-3-7

10. Италия - 2-7-10

Биыл дүбірлі додада 33 спорт түрінен 339 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Айтулы аламанға жер бетіндегі 206 мемлекеттен 11 мыңнан астам спортшы қатысуда. Бұған дейін Қазақстан құрамасы алты Жазғы Олимпиада ойындарына қатысқан болатын. Жалпы медаль жиынтығы: 21 алтын, 28 күміс, 64 қола медаль.

Қазір оқып жатыр

«Ареке, дос болайық»: Журналист Арай Есенбектің ісі бойынша тың мәлімет шықты

Арай Есенбек

Айдын Рахымбаев математика пәнінің мұғаліміне BI-дың акциясын сыйлады

.

«Әділет» партиясының қатарына онлайн түрде қосылуға болады

әділет партия

Ержан Бабақұмаровты өлтірген ер адамға үкім шықты

Ержан Бабақұмаров