USD
USD
USD

Токио-2020: Әбілхан Аманқұл қарсыласына есе жіберді

 Токио Олимпиадасында қазақстандық боксшы Әбілхан Аманқұл (75 келі) бүгін бразилиялық Эберт Соузамен қолғап түйістірді.

Токио-2020: Әбілхан Аманқұл қарсыласына есе жіберді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бірінші раундта бес төрешінің үшеуі бразилиялық жеңгеніне қолдау көрсетсе, екеуі қазақстандыққа сенім көрсетті. Екінші раундта төрешілердің үшеуі Әбілханның жеңгенін көрсетті. Айта кетейік, Әбілхан бірінші іріктеу сатысына қатысқан жоқ. Жалпы қорытындада бразилияоық жеңіске жетті. Екінші іріктеу сатысында Әбілхан өзбекстандық Фанат Кахрамоновты қапы қалдырып кетті.

Еске салсақ, биылғы Олимпиадаға ерлер құрамасынан 8 спортшы барды. Олардың арасынан Әбілханнан өзге Сәкен Байбосынов (52 келі), Закир Сафиуллин (60 келі), Қамшыбек Қоңқабаев (91 келіден жоғары) жарысты жалғастыруда. Ал Серік Теміржанов (57 келі), Абылайхан Жүсіпов (69 келі), Бекзат Нұрдәулетов (81 келі), Василий Левит (91 келі) қарсыласына есе жіберіп қойды. Қыздарда Надежда Рябец (75 келі) алғашқы кездесуде жеңіліп қалды.

Қазір оқып жатыр

Ризван Гусейнов: Құрылтай сайлауы Қазақстанның саяси жаңғыруындағы маңызды кезеңге айналады

.

«Самұрық-Қазына» «Қазақстан халқына» қорына 62,2 млрд теңге бөледі

«Самұрық-Қазына»

Алматыда жекеге заңсыз өткен теміржол ауруханасы мемлекетке қайтарылды

Теміржол апаттар медицинасы госпиталі

Ақтауда автогаз құю бекеттеріндегі кезек азайды

Ақтау