USD
USD
USD

Токио-2020: Жазғы олимпиада ойындары аяқталды

 Төрткүл дүниенің дүбірлі додасы – Жапониядағы жазғы Олимпиада бүгін аяқталады.

Токио-2020: Жазғы олимпиада ойындары аяқталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Төртжылдықтың басты бәсекесінде Қазақстан 83-орыннан ғана көрінді. Шілденің 23-нен жалғасқан сайыста АҚШ алда келе жатыр. Ол қазір 38 алтын, 39 күміс және 33 қоламен жалпы есепте бірінші орынға шықты. 38 алтын, 31 күміс, 18 қола медалімен Қытай 2-ші орынға тұрақтады. Жарыстың қожайыны Жапония болса, 27 алтын, 12 күміс және 17 қола медальмен үздік үштікті түйіндеп тұр.

Ал Қазақстандық құрамасы осы жолы айтарлықтай нәтиже көрсете алмады. Дегенмен, жерлестеріміз 8 қола жүлдені алып берді. Абыроймен елге оралғандар қатарында дзюдошы Елдос Сметов, зіл теміршілер Игорь Сон мен Зульфия Чиншанло бар. Сондай-ақ былғары қолғап шеберлері Қамшыбек Қоңқабаев пен Сәкен Бибосынов, палуан Нұрислам Санаев және қос каратеші Дархан Исадилов пен Софья Берульцева елге қола жүлдемен оралады. Токио Олимпиадасының жабылу салтанаты бүгін Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 17:00-де өтеді.

Қазір оқып жатыр

Ризван Гусейнов: Құрылтай сайлауы Қазақстанның саяси жаңғыруындағы маңызды кезеңге айналады

.

«Самұрық-Қазына» «Қазақстан халқына» қорына 62,2 млрд теңге бөледі

«Самұрық-Қазына»

Алматыда жекеге заңсыз өткен теміржол ауруханасы мемлекетке қайтарылды

Теміржол апаттар медицинасы госпиталі

Ақтауда автогаз құю бекеттеріндегі кезек азайды

Ақтау