USD
USD
USD

Токиo - әлемдегі ең бай қала деп танылды

CEOWORLD Magazine журналы әлемдегі ең бай қалалардың тізімін жариялады. 

Жапония
Фото: yandex.kz

Астана, NEGE. Рейтингте Жапонияның астанасы Токиo қаласы ЖІӨ көрсеткіші бойынша әлемдегі ең бай 300 қала тізімінде бірінші орынға шықты. 

Токиo 2025 жылы тағы да Жердегі ең бай қала ретінде мойындалды, оның ЖІӨ көрсеткіші 2,55 трлн долларға жетіп, Нью-Йорк агломерациясын да артта қалдырды, – деп жазылған жарияланымда.

Нью-Йорктің экономика көлемі 2,49 трлн долларды құрады. Үштікті Лос-Анджелес (1,62 трлн) толықтырады.

Одан кейін Лондон (1,47 трлн), Сеул (1,42 трлн), Париж (1,39 трлн), Чикаго (1,25 трлн) және Осака (1,19 трлн) орналасқан.

Зерттеуде топтағы алғашқы 10 қаланың бүкіл әлемдік ЖІӨ-нің шамамен үштен бірін қамтамасыз ететіні атап өтілген. 10-орында Қытайдың ең бай қаласы Шанхай (1,15 трлн), Пекин 11-орында (1,1 трлн). Мәскеу Сингапурдан кейін (0,988 трлн) 17-орында.

Қазір оқып жатыр

Brent маркалы мұнай бағасының баррелі 101 долларға дейін төмендеді

мұнай

Астанада апалы-сіңлілі екі әйел күйеулерімен бірге «секс-притон» ұйымдастырды деген күдікке ілінді

Күдіктінің үйін тінту сәті

Тоқаевтың президент болғанына жеті жыл: негізгі экономикалық көрсеткіштер қалай өзгерді?

Қасым-Жомарт Тоқаев

«Мың доллардың футболкасын кім алады?»: Миллионер Арсен Томский Esentai Mall-дағы бағаға таңғалды

Арсен Томский