Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Тоқаевтың референдумға байланысты Қазақстан халқына жолдаған бейнеүндеуі жарияланды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына үндеу жасады.

Тоқаевтың референдумға байланысты Қазақстан халқына жолдаған бейнеүндеуі жарияланды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Үндеудің толық мәтіні БОРТ N1 телеграм каналында жарияланды. 

«Қазақстан өте маңызды әрі бетбұрысты кезеңге қадам басқалы тұр. 5 маусым күні азаматтарымыз жалпыұлттық референдумда дауыс береді. Конституцияға түзетулер енгізу мәселесі бойынша шешім қабылдайды. Бұл – мемлекеттің және бүкіл қоғамның болашағын айқындайтын жауапты сәт. Ел тағдыры ешкімді бей-жай қалдырмайтыны анық. Біз қазір барлық саланы жаңғыртуға кірістік. Осы жолда мемлекетті басқару үлгісін түбегейлі өзгерту қажеттігі туындады. Сол себепті, мен наурыз айындағы Жолдауымда саяси жаңғырудың ауқымды бағдарламасын ұсындым. Оның басты мақсаты – елімізді одан әрі демократияландыру, халықтың мемлекетті басқару ісіне қатысу мүмкіндігін кеңейту. Сондай-ақ, Үкіметтің тиімділігін арттыру. Бұл өзгерісті толық жүзеге асырсақ, ықпалды парламенті бар президенттік республика үлгісіне біржола көшеміз. Конституциялық реформа адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау жүйесін барынша күшейтеді. Сонымен бірге еліміздегі саяси бәсекенің әділ және ашық болуын қамтамасыз етеді. Біз Ата заңымыздың отыздан астам бабына өзгеріс енгізгелі отырмыз. Оның бәрі азаматтарымыздың мүддесіне толық сай келеді. Осылайша, мемлекетімізді түбегейлі жаңғыртамыз. Сол арқылы Екінші Республиканың негізін қалаймыз», - деді президент.

«Алдағы референдум мемлекетімізді нығайтуға және қоғамды тың серпінмен дамытуға жол ашады. Мен әрбір азаматымызды ел тағдырын айқындайтын тарихи таңдау жасауға шақырамын. Бұл референдумда әр азаматтың дауысы – маңызды. Әрбір азамат тұтас ұлттың тағдырына, яғни тікелей өз тағдырына оң ықпал ете алады. Ендеше, 5 маусым күні өз таңдауымызды жасайық! Жаңа Қазақстанды бәріміз бірге құрайық».

Қазір оқып жатыр

Экономист Алматыдағы автотұрақтардың құнын 1 мың теңгеге дейін көтеруді ұсынды

ақылы тұрақ

ОСК: Аккредиттелген байқаушылар саны Құрылтай сайлауына халықаралық қызығушылықтың жоғары екенін көрсетеді

Нұрлан Әбдіров

Бақытжан Базарбек көлікпен қағып кетті деген жігіттің туыстары мәлімдеме жасады

Бақытжан Базарбек және жәбірленуші тарап

Тоқаев төтенше жағдайлар министріне өрт қауіпсіздігі деңгейін көтеруді тапсырды

Тоқаев, Әрінов