Референдум Референдум
27 Ақпан 11:59
...

Тоқаевтың сынынан кейін «Самұрық-Қазына» 650 адамды жұмыстан шығарады

самұрық
Фото: sk.kz

«Самұрық-Қазына» қорының басшысы Нұрлан Жақыпов Ақорда кулуарында елордада компания қызметкерлерінің 10%-ы қысқартылатынын растады.

Референдум

Астана, NEGE. Оның айтуынша, дәл Астана қаласында «Самұрық-Қазынада» шамамен 6,5 мың қызметкер жұмыс істейді, соның ішінде 650 адам қысқарады.

Журналистердің «Қысқартуға іліккен қызметкерлерге қандай да бір басқа жұмыс ұсыныла ма?» деп сұрағына Жақыпов әңгіме қысқарту турасында болып отырғанын айтты.

Сондай-ақ БАҚ өкілдері одан «Тек әкімшілік қызметкерлер қысқартыла ма әлде қысқартуға қатардағы қызметшілер де ілігуі мүмкін бе?» деп нақтылады.

«Әкімшілік-басқару қызметкерлері қысқарады. Өндірістік қызметкерлер бұл қысқартуға ұшырамайды. Бізде қызметкерлерді бағалау жүйесі, ПЭК жүйесі, сондай-ақ мотивация жүйесі бар. Барлық аспекті ескеріледі. Процесс объективті болады», – деді ол.

Жақыповтың айтуынша, Президент сыннан кейін барлық еңбек ұжымында түсіндіру жұмыстары жүргізілген.

«Басқару директивасы біз үшін міндетті. 10%-ын қысқартамыз. Барлығы еңбек заңнамасына сәйкес жасалады, шешім наурыз айының соңына дейін іске асырылады», – деп атап өтті ол.

Алайда Жақыпов қысқартылатын қызметкерлерге төленетін өтемақы жөніндегі сұрақтарға нақты жауап бере алмады.

Естеріңізге сала кетейік, 10 ақпанда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық компаниялардағы штат санының шамадан тыс көптігін сынаған болатын.

«Компаниялардың құрылымын түбегейлі қайта қарап, жаңа заманға бейімдеу керек. Менің ойымша, қосшыдан басшы көп. Басшылық құрамы ел айтып жүргендей "сол жағалаудың" адамдарына толып қалған. Олардың жұмысқа көміліп жатқан ештеңесі жоқ. Кейде не істерін білмей, әлеуметтік желілерде әркіммен пікір таластырып отырады», – деген еді Тоқаев.

Президент «мұның түбі жақсылыққа апармайтынын» баса айтты.

Референдум