20 Қаңтар 11:18
...

Тоқаевтың қатысуымен Ұлттық құрылтай отырысы басталды

Akorda
Фото: Akorda

Қызылордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың V отырысы басталды.

Астана, NEGE. Жиынға мемлекет және қоғам қайраткерлері, саяси партиялардың, үкіметтік емес ұйымдардың, бизнес-қауымдастықтардың, сараптамалық қауымдастықтың және облыстық қоғамдық кеңестердің өкілдері қатысып отыр.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 19 қаңтарда өткен Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының отырысында Ұлттық құрылтайда ел тағдырына қатысты шешімдерін айтатынын мәлімдеген еді.

«Ертең Ұлттық құрылтай отырысында мен еліміздің тағдырына қатысты бұл мәселе бойынша нақты пікірімді білдіремін. Нақтылай айтқанда, еліміздің сапалық тұрғыдан мүлдем жаңа саяси тұрпаты қалыптасып жатыр. Парламенттік реформаны жүзеге асыру үшін Конституцияның бірден бірнеше бөлімін қайта қарау қажет болады. Сондықтан Ата заңымызға осыған дейін енгізілген өзгертулерді ескерсек, Жұмыс тобы ұсынып отырған түзетулер жобасы Қазақстанның шын мәнінде жаңа Конституциясы туралы айтуға негіз болады», – деді Мемлекет басшысы.

Мемлекет басшысы институционалдық негізді терең жаңғырту және заң шығарушы билік тармағын жүйелі түрде қайта форматтау қажеттігін атап өткен еді.