USD
USD
USD

Тоқаевтың Францияға сапары барысында қандай құжаттарға қол қойылды?

Қазақстан мен Франция Президенттері стратегиялық серіктестікті одан әрі жандандыруға бағытталған Бірлескен декларация қабылдады. 

Ақорда
Фото: Ақорда

Алматы, NEGE. Бұдан кейін мемлекеттер басшыларының қатысуымен келесі құжаттарға қол қойылды:

1. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Француз Республикасының Үкіметі арасындағы реадмиссиялау туралы келісім;

2. Аса маңызды материалдар мен ресурстар бойынша Қазақстан мен Францияның стратегиялық ынтымақтастығының жол картасы;

3. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы мен Société Generale S.A. компаниясы арасындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы келісім;

4. «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы мен «Alstom Transport SA» компаниясы арасындағы 6 осьті электровоздар бойынша стратегиялық ынтымақтастық туралы келісім;

5. Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты мен Ұлттық превентивті археологиялық зерттеулер институты (INRAP) арасындағы археология саласындағы ынтымақтастық туралы келісім хаттамасы.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Парижге мемлекеттік сапары аясында екі ел делегациясының мүшелері 36 құжатқа қол қойды. Оның ішінде жалпы сомасы 2,2 миллиард доллар болатвн 1 үкіметаралық, 21 ведомствоаралық және 14 коммерциялық құжат бар.

Қазір оқып жатыр

Жаңа оқу жылы: Қазақстан мектептеріндегі өзгерістер қандай?

оқушылар

Атырау облысында 12 мың орындық 7 жаңа мектеп пайдалануға берілді

Атырау облысы жаңа оқу жылы

Ресей «Байқоңыр» мен әскери полигондарды жалға алғаны үшін Қазақстанға 64,8 млрд теңге төлейді

«Байқоңыр» кешенін жалдау ақысы

Қазақстандықтарға «неке мерзімін ұзарту» туралы жалған хабарлама тарады

хабарлама