USD
USD
USD

Тоқаевты қолдау жөніндегі халықтық коалиция құрылады

Бұл туралы AMANAT партиясының төрағасы – ҚР Парламенті Мәжілісінің спикері Ерлан Қошанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тоқаевты қолдау жөніндегі халықтық коалиция құрылады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Өздеріңізге белгілі, бізден басқа да бірқатар партиялар мен саяси бірлестіктер президенттікке Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың кандидатурасын ұсынып отыр. Осы орайда біз сол саяси ұйымдармен бірлесіп, Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты қолдау жөніндегі халықтық коалиция құру жөнінде келісімге келдік», - деді ол AMANAT партиясының кезектен тыс XXIV съезінде.

Ерлан Қошанов бүгін Президент Қ.Тоқаевтың қатысуымен форум өтетінін айтты.

«Түстен кейін осы ғимаратта Мемлекет басшысының қатысуымен үлкен форум өтеді. Соған бәріміз қатысамыз. Баршаңызды Әділетті Қазақстан құру жолындағы игі бастамаларды іске асыру үшін жұдырықтай жұмылуға шақырамын», - деді партия төрағасы.

Қазір оқып жатыр

«Оземпик», «Мунджаро»: арықтататын препараттардың пайдасы мен қаупі қандай?

Оземпик

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің ішкі істер министрлерімен кездесті

Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің ішкі істер министрлерімен кездесу

Алаяқтар енді eGov қызметкері ретінде хабарласа бастаған

алаяқтық

«75-тің хаты»: Қырғызстанда Қамшыбек Ташиевке шыққан үкім өзгертілді

Қамшыбек Ташиев