USD
USD
USD

Тоқаевқа Бас прокурор есеп берді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Бас прокурор Берік Асылов еліміздегі заңдылықтың сақталу жағдайы мен жүргізілген қадағалау жұмыстары туралы есеп берді.

Тоқаевқа Бас прокурор есеп берді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Берік Асылов Абай облысындағы өрт дерегі бойынша қозғалған қылмыстық іске қатысты тергеу амалдары жөнінде баяндады:

– Бас прокурордың орынбасарының басшылығымен құқық қорғау және арнаулы органдардың тәжірибелі қызметкерлерінен ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылған;

– тергеу қорытындысы бойынша лауазымды тұлғалардың әрекеттері мен әрекетсіздігіне құқықтық баға берілетін болады.

– резонанс тудырған қылмыстық істерді тергеу және қоғам мүддесін қорғау жөніндегі жұмыстардың қорытындысы туралы мәлімет берді:

– әлеуметтік-экономикалық салаларды тексеру нәтижесінде 11 мың адам түрлі деңгейде жауапқа тартылған;

– тергеу амалдары жүргізілгеннен кейін бюджетке 10 миллиард теңге қайтарылған; – сотта 15,2 миллиард теңге көлемінде мемлекет мүддесі қорғалған.

Бизнесті қорғау және маңызды инвестициялық жобаларды қолдау жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысы туралы баяндады. Бас прокуратураның бастамасымен 2 мыңға жуық кәсіпкерге заңсыз тексеру жүргізуді көздеген әртүрлі министрліктің 9 бұйрығының күші жойылған. 2,5 миллиард теңге өндіріп алу жөніндегі 21 мың салық бұйрығы заңсыз деп танылған.

Бас прокурор қылмыстық ахуал және қылмыстық-құқықтық саладағы азаматтардың конституциялық құқықтарын сақтау үшін қабылданып жатқан шаралар туралы айтты.

Мемлекет басшысы Абай облысындағы өрттің мән-жайын объективті түрде тергеу маңызды екеніне тоқталып, еліміздің әлеуметтік және экономикалық салаларындағы заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.

Қазір оқып жатыр

8 мамырда қос Палатаның бірлескен отырысы өтеді

Парламент

Алматыда «Пионердің» тағдыры не болмақ?

.

Ер адам екінші әйелін өлтіру үшін 10 мың долларға киллер жалдаған

Өзбекстан азаматы

Қазақстанда автосақтандыру бағасы өсуі мүмкін

Автосақтандыру