USD
USD
USD

Тоқаев Жоғарғы сотқа тапсырма берді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жеке меншікке қолсұқпаушылық және дауларды шешудегі соттардың рөлі туралы айтты.

Тоқаев Жоғарғы сотқа тапсырма берді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "Елдің жаңа экономикалық бағытының шекарасын анықтауымыз керек. Мына жүйелік сұрақтарға жауап болуы керек деп санаймын. Біріншісі - жеке меншікке қолсұқпаушылық. Мұның бәрін ашық және әділ сот қамтамасыз ететінін бәріміз түсінеміз. Бұл бағытта оң шаралар қабылданып жатыр. 2021 жылдың шілдесінен бастап Әділет әкімшілігі жұмыс істей бастады. Оның қағидаттары мен рәсімдері, оның ішінде мемлекеттік органның кінәлілік презумпциясы дауларды барынша объективті шешу үшін пәрменді құралға айналды", - деді Тоқаев Нұр-Сұлтандағы бизнес өкілдерімен кездесуде.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы соттарға келіп түскен шағымдардың саны артып бара жатқанын, олардың саны 14 мыңнан асатынын айтты.

"Үкіметке Жоғарғы сотпен және ҰКП-мен бірге мемлекеттік органдар қызметінің теріс тәжірибесіне талдау жасауды және оның алдын алу мен жою бойынша шаралар қабылдауды тапсырамын. Егер сот мемлекеттік органның сол қателерін түзетсе, онда мұндай басшы болмайтыны анық. Жоғарғы соттан алаңдатарлық сандарға назар аударуды сұраймын", - деп тапсырды Тоқаев.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде дауылдан ағаштар құлап, бірнеше үйдің шатыры бүлінді

.

Қасым-Жомарт Тоқаев Саида Мирзиёеваны қабылдады

.

Қытайдағы жарыста Назым Қызайбай мен Виктория Графеева топ жарды

.

Ақтөбедегі қайғылы оқиға: АГҚС иесі уақытша ұстау изоляторына қамалды

.