USD
USD
USD

Тоқаев Жоғарғы Сот төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдады

Мемлекет басшысына өткен жартыжылдықта сот жүйесінің атқарған жұмысының қорытындылары туралы мәлімет берілді.

Тоқаев Жоғарғы Сот төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Асламбек Мерғалиев қылмыстық процестегі тараптардың жарыспалылығы мен тең құқылығы қағидатын жүзеге асыруға, қамауға алудың баламалы жолы ретінде бұлтартпау шараларын қолдану аясын кеңейтуге, сот ісін жүргізуді бюрократиядан арылтуға, біріздендіруге және оның ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған заңнамалық бастамалар туралы айтты.

Сонымен қатар Президентке ювенальды соттардың құзыретін кеңейту және сот актісінің күші жойылған кезде істі бірінші сатыдағы сотқа қайтармай, апелляцияның тиісті шешім қабылдауы туралы процессуалдық нормаларды дұрыс қолдану жөнінде баяндалды.

Бұл жаңа нормалар қағазбастылықты, судьяның қателік жіберу жағдайларын азайтып, азаматтардың бұзылған құқығын тез арада қалпына келтіруге оң септігін тигізуге тиіс.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Qarmet ұжымының ұйымшылдығы мен еңбегін жоғары бағалады

.

Алматыдағы Dostyk Plaza сауда орталығында дабыл қағылып, келушілер сыртқа шығарылды

Dostyk Plaza

Орал қаласы әкімінің орынбасарына 648 мың теңге айыппұл салынды

Шенеунік

Қазақстанда мобильді аударымдарды тексеру шегі 1,5 миллион теңгеге дейін көтерілмек

Смартфон