Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Тоқаев: Жер шетелдіктерге сатылмайтыны туралы түбегейлі шешім қабылданды

Жер шетелдіктерге сатылмайтыны туралы түбегейлі шешім қабылданды. Бұл туралы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 5-отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

Тоқаев: Жер шетелдіктерге сатылмайтыны туралы түбегейлі шешім қабылданды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Комиссия (Жер реформасы жөніндегі комиссия) жұмысының әрбір кезеңі және онда ұсынылған шаралар туралы халықты үнемі хабардар етіп отыру керек. Басты міндеттің бірі - комиссия жұмысының және шешім қабылдаудың ерекше ашықтығын көрсету. Біз жерге қатысты қоғам тарапынан көтерілген барлық мәселені дұрыс және тиімді шеше аламыз деп сенемін», - деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы бұл шешімдер ең алдымен, ел экономикасын дамытуға және азаматтардың тұрмыс сапасын арттыруға арналатындығын баса айтты.

«Ең бастысы, жер шетелдіктерге сатылмайтыны туралы түбегейлі шешім қабылданды», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қазір оқып жатыр

​Шымкентте қымбат үй сатылып жатыр: Тоқтар Төлешовтің бұған не қатысы бар?

.

Қарағанды облысындағы дала өртінен екі адам зардап шекті

Қарағанды облысы

Бір күнде 14 айыппұл: Алматы облысында жүргізушілер дабыл қағып жатыр

Автобан

Мемлекет БАҚ пен блогерлердің аккаунттарын бұғаттауға мүдделі емес – Аида Балаева

Аида Балаева