USD
USD
USD

Тоқаев жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заңға қол қойды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп Ақорда.

Тоқаев жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заңға қол қойды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Оған сәйкес Қазақстанда рәсімдердің үш түрі енгізіледі: азаматтардың соттан тыс банкроттығы, сот арқылы банкрот болу, төлем қабілеттілігін қалпына келтіру. Барлық үш рәсімді тек борышкердің өзі ғана бастай алады. 

Банкрот деп танылғандар 5 жылға дейін несие ала алмайды.

Бұдан бөлек Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы", "Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына қол қойды.

Қазір оқып жатыр

Шетелдік блогермен видеоға түскен полиция қызметкерлері жұмыстан шығарылды

.

Елена Рыбакина АҚШ ашық чемпионатын жеңіп алды

Рыбакина

Астанада әйел 15-қабаттан секіріп, бала отырған арбаның үстіне құлаған

.

Қазақстанда «миллион пәтер тегін беріледі» деген жалған видео тарады

.