USD
USD
USD

Тоқаев Жээнбековке көңіл айтты

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбековке және қырғыз халқына коронавирус пандемиясы құрбандарын аза тұту күніне байланысты көңіл айтты.

Тоқаев Жээнбековке көңіл айтты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қасым-Жомарт Тоқаев Сооронбай Жээнбековке және қырғыз халқына 2020 жылдың 30 шілдесінде Қырғызстанда коронавирус пандемиясы құрбандарын еске алу үшін Ұлттық аза тұту күніне байланысты көңіл айтты.

«Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан коронавирус пандемиясы салдарынан қайтыс болған бауырлас қырғыз азаматтарын ұлттық аза тұту күнінде қайғыларыңызға ортақтасып, қолдау көрсетуді жөн санадым. Осындай қиын-қыстау кезеңде мезгілсіз қайтыс болған адамдардың жақындары мен туыстарының орны толмас қайғысымен бөлісемін, ал қазіргі уақытта аты жаман індетпен күресіп жатқан науқастардың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін», – делінген жеделхатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев қабылданған шұғыл шаралар, қырғыз халқының бірлігі мен біртұтастығы көп ұзамай елдегі эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыруға мүмкіндік беретініне сенім білдіріп, сонымен қатар Қазақстан бұрынғыша бауырлас Қырғызстан халқына барлық жағынан көмек көрсетуге және коронавирус инфекциясына бірлесіп қарсы тұруға бар күшін салуға дайын екендігін айтты.

Қазір оқып жатыр

«Өз уақыты бар»: Димаш Құдайберген қашан үйленетінін айтты

Димаш Құдайберген

Владимир Путин Пасхаға байланысты Украинамен уақытша бітім жариялады

Путин

Қызылорда облысында су және кәріз тарифтері 25%-ға дейін төмендеді

Су

Қазақстандық қыздарды Ресейдегі дрон шығаратын зауытқа жұмысқа тартуда – БАҚ

Дрон