USD
USD
USD

Тоқаев Жас әрі қабілетті мамандарға мүмкіндік берілмей жатқанын айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев партияластар ішінен сенімді адамдарды іріктеп, оларды ілгерілету ісін жалғастырған жөн екенін айтты.

Тоқаев Жас әрі қабілетті мамандарға мүмкіндік берілмей жатқанын айтты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "Ашығын айтқанда, қазіргі кезде саяси менеджерлерді даярлау ісі ақсап тұр. Қазіргі жағдайда саяси басшылар түрлі мамандармен, жастармен, журналистермен, халықтың барлық өкілдерімен тіл табыса алуы керек. Мұндай адамдар ел арасында аз емес. Әлеуметтік лифтінің жоқтығы - бірден-бір кедергі.  Жас әрі қабілетті мамандарға мүмкіндік бермейміз. Бұл - біздің басты кемшілігіміз. Партия құрылымында Саяси менеджмент академиясы бар. Осы академияның қызметін күшейту қажет", - деді Президент.

Президент осы айтылған міндеттерді мейлінше қысқа мерзім ішінде орындау қажет екеніне назар аударды. Партия төрағасы орталық аппаратқа жұмыс тобын құрып, партияның жаңа тұғырнамасын әзірлеуді тапсырды.

Қазір оқып жатыр

Павлодарда Президенттің ел болашағына қатысты кітабы сөз болды

«Әділетті қоғамға – шыншыл сөз»

ҰҚК тыңшылық жасады деген күдікпен ұсталған өзбекстандық профессорға қатысты пікір білдірді

Икболжон Корабоев

Шорт-тректен Азия чемпионы Абзал Әжғалиев спортшы ретінде мансабын аяқтады

Абзал Әжғалиев

Өскеменде порнографиялық материал әзірлеп, таратқан 14 адам сотталды

порногарфия