USD
USD
USD

Тоқаев Жәнібек Әлімханұлына құттықтау жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев бокстан WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атанған Жәнібек Әлімханұлын құттықтады, деп хабарлайды Ақорда. 

Тоқаев Жәнібек Әлімханұлына құттықтау жеделхатын жолдады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Президент әлемдік деңгейде шаршы алаң шебері атанған боксшыларымыз аз емес екенін, Қазақстан бокс мектебінің абыройын асқақтатуға Жәнібек Әлімханұлының да зор үлес қосып келе жатқанын атап өтті.

– Қажырлы еңбегіңіз бен мұқалмас ерік-жігеріңіздің арқасында қазақтың бокс стилінің үстемдігін тағы бір рет паш еттіңіз. Бұл айтулы жетістігіңіз жас өрендеріміздің спортқа, әсіресе боксқа деген қызығушылығын арттыратыны сөзсіз. Үлкен спорттағы әр қадамыңыз – олар үшін үлгі-өнеге. Сізге зор денсаулық, отбасыңызға амандық, спортта толағай табыс тілеймін!, – деп жазылған Мемлекет басшысының құттықтау жеделхатында.

Қазір оқып жатыр

Әскери қызметшілерге қызметтен кетерден алты ай бұрын жұмыс табуға көмектеспек

Әскерилер

Н. Төреғалиев: Ақ Жайық өңірі көрші елдердегі қандастармен тұрақты байланыс орнатып келеді

Форум

Алматы әкімдігі билбордтар орнатуға 600-ден астам жер телімін заңсыз берген

Алматы

Күшті әсер ететін заттар Wildberries арқылы арықтауға арналған дәрі ретінде сатылған

күшті әсер ететін дәрілер