Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Тоқаев ЮНЕСКО-ның Бас директоры Одрэ Азулені қабылдады

Кездесуде Қазақстан мен ЮНЕСКО арасындағы мәдени және тарихи мұраларды сақтау, білім және ғылым саласындағы халықаралық байланыстарды кеңейту ісіндегі ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды.

Тоқаев ЮНЕСКО-ның Бас директоры Одрэ Азулені қабылдады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Одрэ Азулеге ілтипат білдіре отырып, оның ЮНЕСКО Бас директоры ретіндегі көшбасшылығын жоғары бағалайтынын, сондай-ақ ұйымды одан әрі нығайтуға бағытталған қызметіне қолдау көрсететінін атап өтті. Президент Бас директорға Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне барғаны үшін алғысын айтты. Сондай-ақ оның Түркістанға сапарын азаматтарымыз оң қабылдағанын жеткізді.

– Сіздің сапарыңыз Қазақстан мен ЮНЕСКО арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін аса маңызды. ЮНЕСКО біз үшін ерекше ұйым әрі басымдыққа ие. Біз осы өзара қарым-қатынасты одан әрі дамыту үшін бар күш-жігерімізді жұмсаймыз, – деді Президент.

Мемлекет басшысы климат, биоалуантүрлілік және су ресурстары салаларындағы бірлескен жобаларды іске асыруға Қазақстанның ниетті екенін жеткізді. Жақын арада Өңірлік көпсалалы кеңсе болып қайта құрылатын Алматы қаласындағы ЮНЕСКО бюросының қызметі – Қазақстанның осы ұйыммен табысты байланысының жарқын мысалы.

Қазір оқып жатыр

Қостанай елдің тәтті тағамдар астанасына айналуда: «Баян сұлу» жаңа жобаны іске қосты

"Баян сұлу"

Kinopark фильмдерді прокатқа шығару үшін 60 млн теңгеге дейін жарнама ақысын талап еткен

Kinopark

Қарағандыдағы дүкендердің бірінде кәсіпкер күрішті 160 пайызға қымбат сатқан

күріш

Ұлттық банктен кеткен Шолпанқұлов Solva Group директорлар кеңесінің құрамына кірді

Берік Шолпанқұлов