USD
USD
USD

Тоқаев: Ұлттық экономика күрделі жағдайда дамып келеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында қандай мәселелер қаралатынын айтты.

Тоқаев: Ұлттық экономика күрделі жағдайда дамып келеді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Бүгін біз коронавирус індетіне қарсы қабылданып жатқан шараларға қатысты мәселелерді қараймыз. Сонымен қатар, биылғы бірінші жартыжылдықтағы Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын қорытындылаймыз. Жыл басынан бері ұлттық экономика күрделі жағдайда дамып келеді. Ел экономикасы жалпы 1,8 пайызға төмендеді. Пандемияға байланысты қызмет көрсету саласы айтарлықтай құлдырады (5,6 пайыз). Халықты және бизнесті қолдау үшін аса маңызды шаралар қабылдадық. Менің тапсырмам бойынша Экономикалық өсімді қайта қалпына келтіру жөнінде кешенді жоспар қабылданды. Бүгін Үкімет пен әкімдердің экономикалық өсімді қалпына келтіру және халықтың әл-ауқатын қамтамасыз ету жөнінде қабылдаған шараларын талқылаймыз», - деді ҚР Президенті Қ.Тоқаев.

Президент Үкіметтің кеңейтілген отырысын келесі тәртіппен жүргізуді ұсынды:

Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары мен жыл соңына дейін орындайтын міндеттер жөнінде Премьер-Министр Асқар Ұзақбайұлы Мамин баяндама жасайды.

Ақша-несие саясатына қатысты шаралар туралы Ұлттық банктің төрағасы Ерболат Асқарбекұлы Досаев баяндайды.

Еліміздегі эпидемиологиялық ахуалды жақсарту жөніндегі шаралар туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Владимирович Цой баяндайды.

«Сосын бірқатар облыстың басшыларына сөз беремін. Қажет болса, басқаларға да сөз беріледі. Қысқа әрі нұсқа, негізгі мәселелерге тоқталыңыздар», - деді Қ. Тоқаев.

Қазір оқып жатыр

200 мың доллар және миллиондаған рубль: шекарада қолма-қол ақшаны заңсыз алып өтпек болғандар ұсталды

Шекара қызметкері мен күдікті

«Халықтық құрылысқа» бөлінетін 6,5 трлн теңге: Годунова қандай қауіп барын айтты

Құрылыс

Жетісу облысындағы Балқаш жағалауында алғашқы коммуналдық жағажайдың құрылысы аяқталды

Жағажай

Оралда 272 млн теңгенің негізсіз жұмсалуына жол берген шенеунік қатаң сөгіс алды

Шенеунік