USD
USD
USD

Тоқаев Украина жөнінде мәлімдеме жасады (видео)

Германияға сапары барысында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Украина туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлады «Хабар 24» арнасы.

Тоқаев Украина жөнінде мәлімдеме жасады (видео)
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қасым-Жомарт Тоқаев Украинаның шығысындағы ахуал «нормадтық форматта» реттелуі керек деп атап өтті. Мемлекет басшысы Қазақстанның араағайындық танытып, мәселені оңтайлы шешу үшін бас қосар алаңқай әзірлеуге дайын екенін жеткізді.

«Біздің бірінші президент өзінің ізгі ниетін білдіріп, Қазақстан аумағында келіссөз өткізуді ұсынған болатын. Бірақ біз Украина мәселесі ең алдымен «нормандтық форматта» шешілуі керек деп есептейміз. Норманд төртігінің отырысы 9 желтоқсанда Парижде өтетінін білеміз. Сәттілік тілейміз! Өйткені, бізді Украинамен достықтық, ынтымақтастық жібі жалғап жатыр. Біз украин халқына зор құрметпен қараймыз. Бұл халық бейбітшілікте, бақуатты өмір сүруге лайықты», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев Ангела Меркельмен бірге БАҚ өкілдеріне берген баспасөз мәслихатында.

 

Қазір оқып жатыр

Тоқаев пен Димаш әлемдегі ең ықпалды 500 мұсылманның тізіміне енді

Тоқаев және Димаш

Президент ұстанымы: заң алдында бәрі тең, жауапкершілік баршаға ортақ

Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазақстан құрамасы Молдоваға тағы да есе жіберді

Қазақстан Молдова

Тоқаев ҚТЖ жұмысын сынға алды

Қтж