USD
USD
USD

Тоқаев Үкіметке Қазақстанның солтүстігіндегі жағдай бойынша тапсырма берді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке солтүстік өңірлердегі астық өндіретін фермерлер мен шаруа қожалықтарына қаржылай және өзге де қажетті көмек көрсетуді тапсырды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Тоқаев Үкіметке Қазақстанның солтүстігіндегі жағдай бойынша тапсырма берді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "Еліміздің солтүстік өңірлеріндегі ауа райының қолайсыздығы мен жайсыз жағдайларға байланысты президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке астық өндіретін фермерлер мен шаруа қожалықтарына қаржылай және өзге де қажетті көмек көрсетуді тапсырды" делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанның бірнеше өңірі биылғы жылы құрғақшылықтан қатты зардап шекті. Мәжілісмен Айдарбек Ходжаназаров премьер-министр Әлихан Смайыловтың атына депутаттық сауал жолдап, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Қостанай облыстарында төтенше жағдай режимін жариялауды талап еткен еді және төтенше жағдай режимін жариялау алгоритмін реттеуді ұсынды. 

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Корея президенті генерал Хон Бом Доның сүйегін қайтарғаны үшін Қазақстанға алғыс айтты

 Қасым-Жомарт Тоқаев, Ли Чжэ Мён

Мәслихат төрағасы жиналыс үстінде темекі тартқаны үшін жауапқа тартылды

Қанат Саққұлов

Астананың 55 жастағы тұрғыны әйелін пышақтап, артынша өзіне қол жұмсады

Пышақ жарақаты

Ақтөбедегі «Жайсан» өткізу бекетінде 160 көліктің жиналып қалу себебі айтылды

«Жайсан» өткізу бекетіндегі кептеліс