USD
USD
USD

Тоқаев Түркістан облысының әкімін қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдыны қабылдады, деп хабарлайды Ақорда. 

Тоқаев Түркістан облысының әкімін қабылдады
Фото: NEGE.kz

Аламты, NEGE. Қасым-Жомарт Тоқаевқа Түркістан облысында биылғы 8 айда атқарылған жұмыстар туралы есеп берілді.

Дархан Сатыбалдының айтуынша, экономиканың негізгі көрсеткіші – жалпы өңірлік өнеркәсіп өнімінің көлемі 534 миллиард теңгеге жетіп, 2021 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 125 миллиард теңгеге өскен.

Облыста жалпы құны 12,7 миллиард теңгені құрайтын 26 инвестициялық жоба іске қосылып, 936 жұмыс орны ашылған. Ауыл шаруашылығы саласында 477 миллиард теңгенің өнімі өндіріліп, былтырмен салыстырғанда көрсеткіш 4 пайызға артты.

Түркістан аумағында бірқатар су нысандарына жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жоспардағы шаралар іске асырылғаннан кейін ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 1 триллион теңгеге жетті.

Сондай-ақ жыл басынан бері 486 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Жыл соңына дейін жалпы 85 тұрғын үйдің құрылысын аяқтау жоспарланып отыр.

Облыс әкімі бюджет есебінен 59 мектептің құрылысы жүргізіліп жатқанын, нәтижесінде биыл 4 апатты және 2 үш ауысымды мектептің мәселесі шешілетінін баяндады. Бұдан бөлек, жеке инвесторлар 13 мектепті пайдалануға берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысында қолға алынған жобаларды жалғастыруды және халықпен тығыз жұмыс істеу мәселесін күшейтуді тапсырды.

Қазір оқып жатыр

Тимур Турлов FIDE президентінің орынбасары лауазымына кандидатурасын ұсынбақ

Тимур Турлов

ШҚО тұрғындарын өзен суының түсі алаңдатып отыр

өзен

Hyundai, Kia және Geely сатылымы құлдырады: қытайлық көліктерге сұраныс артты

Changan

Алматы әкімдігі «Family Park-тің орнына тұрғын үй кешені салынады» деген сыбысқа жауап берді

Family Park