USD
USD
USD

Тоқаев тұрғын үй қатынастары саласындағы түзетулерге қол қойды

Қасым-Жомарт Тоқаев тұрғын үй қатынастары саласындағы түзетулерге қол қойды, деп хабарлады Ақорда.

Тоқаев тұрғын үй қатынастары саласындағы түзетулерге қол қойды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне электр энергетикасы, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру, жер қойнауын пайдалану, жергілікті мемлекеттік басқару, мемлекеттік шекара, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және ғылым мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды», - делінген хабарламада.

Түзетулер Алматы қаласында жылжымайтын мүлікті рәсімдеу мәселесін қарастыратын комиссия құрамы мен қызметін нақтылауға, ҚР Ұлттық ғылым академиясының ұйымдастырушылық-құқықтық формасын анықтауға бағытталған. Сонымен қатар көп пәтерлі тұрғын үйлердің нысанды басқарудың жаңа формасына өту мерзімі 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін ұзартылған.

Қазір оқып жатыр

Шымкентте қос мереке: «Ордабасы» ел чемпионы әрі кубок иегері атанды

Ордабасы

Әзілкеш Данияр Жұмәділов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

daniyar_dzhumadilov/Instagram

Меладзенің Алматыдағы концертінде шу шығарған әйелдер жазаланды

.

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт