USD
USD
USD

Тоқаев Туды балконға ілуге рұқсат беруді ұсынды

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар депутаттардың ұсынысын қолдады. Қолданыстағы заңнама Қазақстан туының қолданысын белгілі бір деңгейде шектейді.

Тоқаев Туды балконға ілуге рұқсат беруді ұсынды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "Парламенттің бірқатар депутаттары мен патриот азаматтардың еліміздің мемлекеттік рәміздерін, атап айтқанда, ҚР мемлекеттік туын кеңінен қолдану туралы ұсынысын қолдаймын", деп жазды Президент Твиттердегі парақшасында.

Қолданыстағы заңнамада туымызды пәтерлердің балконына немесе үйлердің қабырғасына ілуге тыйым салынған.

"Қолданыстағы заңнамада туымызды пайдалануға қатысты шектеулер бар. Мысалы, пәтерлердің балконына немесе үйлердің қабырғасына ту ілуге тиым салынған. Заңнамалық және нормативтік актілерді, ең алдымен, Мемлекеттік рәміздерді пайдалану қағидаларын қайта қарау қажет", деп жазды Тоқаев.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға көлік әкелу тәртібі өзгереді: жеке тұлғаларға қандай талап қойылады?

atameken.kz

Шахмұрат Мүтәліптің компаниясы Ауғанстанда теміржол салды

теміржол

Қазақстан бокс федерациясы Азиададағы Сабырхан мен Богданованың нәтижесіне наразылық білдірді

Махмұд Сабырхан, Наталья Богданова

Қазаннан бастап Алматыда айып тұрағындағы әр күн үшін көлік иелерінен 21 мың теңге алынады

Айып тұрағындағы көліктер