Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Тоқаев Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпхановты қабылдады

Мемлекет басшысы Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпхановты қабылдады.

Тоқаев Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпхановты қабылдады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Сырым Шәріпханов министрліктің атқарып жатқан жұмыстары мен жоспары жөнінде баяндады. Сонымен қатар, министрлікте алдағы уақытта жүзеге асырылатын трансформация және қоғамда қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру жұмыстары туралы мәлімдеді.

Төтенше жағдайлардың саны мен ауқымы ұлғайған жағдайда азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін төтенше жағдайдың салдарын жоюдан бұрын оның алдын алуға бағдарлау көзделіп отырғанын жеткізді. Құтқару бөлімшелерінің материалдық-техникалық базасын жарақтандыру және цифрландыру ісін нығайту, сондай-ақ құтқарушылар мен өрт сөндірушілердің кадрлық әлеуетін арттыру, оларды әлеуметтік қорғау шараларын күшейту жөнінде ақпарат берді. Халықты алдын ала қорғауға қажетті жағдай жасау мақсатында қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізуге айрықша мән беріліп отырғанын айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев министрлікке төтенше жағдайлардың санын азайту, сондай-ақ азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шаралар кешенін жүзеге асыру жөнінде тапсырма берді.

Қазір оқып жатыр

Іле Алатауы табиғи паркінде 13 гектар аумақ өртке оранды

Орман өрті

Қостанай елдің тәтті тағамдар астанасына айналуда: «Баян сұлу» жаңа жобаны іске қосты

"Баян сұлу"

Kinopark фильмдерді прокатқа шығару үшін 60 млн теңгеге дейін жарнама ақысын талап еткен

Kinopark

Қарағандыдағы дүкендердің бірінде кәсіпкер күрішті 160 пайызға қымбат сатқан

күріш