Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Тоқаев ТМД мемлекеттері басшыларының бейресми кездесуіне қатысты

Президент ТМД мемлекеттері басшыларының бейресми кездесуіне қатысты.

Тоқаев ТМД мемлекеттері басшыларының бейресми кездесуіне қатысты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД-ға мүше елдер көшбасшыларының бейресми кездесуіне қатысты, деп хабарлайды  Ақорда.

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше елдер көшбасшыларының бейресми кездесуіне Қазақстан Президентімен қатар, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Армения Премьер-министрі Никол Пашинян, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Ресей Президенті Владимир Путин, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев қатысты.

Жиын барысында ТМД елдерінің басшылары Ұйым қызметінің басым бағыттарын, өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту және одан әрі дамыту жөніндегі жоспарды талқылады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді мерейтойымен құттықтап, оның Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайтуға қосқан үлесін атап өтті.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД мемлекеттері басшыларының бейресми кездесуіне қатысу үшін Санкт-Петербургтегі Константин сарайына барды.

Қазір оқып жатыр

Танымал қазақстандықтар Құрылтай сайлауының қарсаңында «Әділет» партиясына қолдау танытты

«Әділет» партиясының баспасөз қызметі

Сот Ұлдана Мырзуанның бұрынғы күйеуін жәбірленуші мәртебесінде қалдырды

Әділет Зейнел

Журналист Гүлнар Бажкеноваға үкім шықты

Гүлнар Бажкенова

Марқұм Ұлдана Мырзуанның бұрынғы күйеуі жәбірленуші мәртебесінен бас тартпақ

Әділет Зейнел