USD
USD
USD

Тоқаев ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысына қатысады

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев ТМЛ мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысына қатысады. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді.

Тоқаев ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысына қатысады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  "Бүгін, Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 14:10-да Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысына қатысады. Видео конференция режимінде өтетін іс-шараға Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан Президенттері қатысады деп жоспарланған", - деп жазды Берік Уәли өзінің Facebook-тегі парақшасында.

Ақпарат бойынша, жиын барысында мемлекеттер басшылары ТМД және ұйымды одан әрі дамыту тұжырымдамасы, оны іске асыру жөніндегі негізгі іс-шаралар жоспары, сондай-ақ, ТМД елдері Парламентаралық ынтымақтастықты арттыру және нығайту жайында пікір алмасады.

Қазір оқып жатыр

Астанада Tesla -мен соқтығысқан жүк көлігі көпірден ұшып кетті

Оқиға орны

«Ақтөбе» жанкүйерлерінің әрекеті дау тудырды: клуб алты қызға салынған айыппұлды толық төлеп бермек

«Ақтөбе» ФК

Мұнайдың тағдырын кім шешеді? Экономист Үкіметтің болжамына баға берді

Сапарбай Жұбаев

Volkswagen ондаған мың жұмыс орнын қысқартып, 2030 жылға дейін жалақыны өсірмеуді жоспарлаған

 Volkswagen