USD
USD
USD

Тоқаев Тимур Бекмамбетовті қабылдады

Кездесу барысында еліміздегі кинематография саласын дамыту перспективалары, креативті индустрия мамандарын оқыту, отандық киноконтенттің көлемін ұлғайтуға жағдай жасау және кинематографистерді қолдау мәселелері талқыланды.

Тоқаев Тимур Бекмамбетовті қабылдады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Тимур Бекмамбетов дәстүрлі мамандық иелерін (ұстаздар, әртістер, суретшілер және тағы басқалары) цифрлық креативті индустрияға қажетті мамандықтарға қайта даярлау жөніндегі жобаны өзге елдерде жүзеге асыру тәжірибесін бөлісті.

Қасым-Жомарт Тоқаев бұл саланың дамуына жағдай жасап, шетелдік мамандарды тартуға мүмкіндік беретін «Кинематография туралы» заңның маңызды рөлін атап өтті.

Мемлекет басшысы әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, отандық кино индустриясын жаңғырту қажет екеніне баса назар аударды.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жүк көліктерінің жүргізушілерін ереуілге шақырған ер адам ұсталды

.

Қазақстан соңғы 15 жылдағы ең мол астықтың бірін жинады

Астық

Қазақстан ірі халықаралық букмекерлік компанияның иелеріне іздеу жариялады

.

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты