Референдум Референдум
USD
USD
USD

Тоқаев Тасмағамбетовтің қызын марапаттады

Тәуелсіздік күні қарсаңында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар азаматтарды марапаттады. Президенттің қолынан марапат алғандардың арасында Қазақстанның Ресей Федерациясындағы төтенше және өкілетті елшісі И.Тасмағамбетовтің қызы Софья Тасмағамбетова да бар. Бұл жайында NUR.KZ жазды.

Тоқаев Тасмағамбетовтің қызын марапаттады
Фото: NEGE.kz

Осы тақырыпқа: «Тасмағамбетовтің «әдемі» кетуіне мүмкіндік бермейді»​

Алматы, NEGE. Иманғали Тасмағамбетов 9 желтоқсан күні 63 жасқа толды. Содан да болар, «Тасмағамбетов қызметтен кетеді екен» деген әңгіме желдей есті. Nege.kz порталының дерегіне қарағанда, И.Тасмағамбетов әзірге қызметінен кетпейді. Елшінің қызына марапат бұйыруы да соның бір дәлелі. Сондықтан дәл қазір «Тасмағамбетов қайда кетеді?» деген сұраққа бас ауыртудың қажеті шамалы.

И.Тасмағамбетовтің кіші қызы Софья 36 жаста. Президент оған «Қазақстанға еңбегі сіңген қайраткер» деген атақ берді. Өзінің сұхбаттары мен ашық ақпарат көздері таратқан дерекке қарағанда, Софья сурет салумен айналысады. Қазақстанның ең үздік 50 суретшісінің бірі. Суретші ретінде театр қойылымдарына да атсалысады. Өзінің айтуынша, кейде түнімен жұмыс істеуіне тура келеді екен.

Тәуелсіздік күні қарсаңында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 39 адамға түрлі марапаттар табыстады. Олардың арасында президенттің кеңесшісі Ерлан Қарин мен баспасөз хатшысы Берік Уәли де бар. 

Қазір оқып жатыр

Алматыдағы қағаз зауытына 49,9 млн теңге айыппұл салынды

 Республикалық ТКШ Альянсы

Польшада қазақстандық әйел қаза тапты

 Екатерина Шилова

Трамп Ресей мұнайына салынған санкцияларды уақытша алып тастады

Ресей мұнайы тиелген танкер

Әскерде тағы бір сарбаз мерт болды

Әскери адам, сарбаз