USD
USD
USD

Тоқаев Сооронбай Жээнбековпен телефон арқылы сөйлесті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбековпен телефон арқылы сөйлесті.

Тоқаев Сооронбай Жээнбековпен телефон арқылы сөйлесті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Мемлекеттер басшылары коронавирус індетінің таралу жағдайында сауда-экономикалық ынтымақтастықтың жоғары қарқынын сақтауға бағытталған бірлескен шараларды талқылады.

С.Жээнбеков Қырғызстан азаматтарының еліне оралуына, сондай-ақ, қазақ-қырғыз шекарасы арқылы жүк тасымалына көрсеткен көмегі үшін Қазақстан Президентіне ризашылығын білдірді. Президент Қ.Тоқаев әріптесіне Қазақстанның бауырлас қырғыз халқына одан әрі көмек көрсете беретінін жеткізді.

Сонымен қатар әңгімелесу барысында еліміздің оңтүстік өңірлеріндегі алдағы егін науқаны кезінде су ресурстарын бірлесіп пайдалану мәселесі талқыланды.

Барлық мәселені жедел шешу үшін екі елдің Үкіметтеріне тиісті тапсырмалар берілді.

Телефон арқылы сөйлесуге қырғыз тарапы бастамашы болды.

Қазір оқып жатыр

KazTAG басшылары Әсет Матаев пен Әмір Қасеновке үкім шықты

.

«Әділет» партиясы Ақмолада өңірлерді дамыту бағдарламасын таныстырды

.

Daryn.online платформасына жүргізілген тексеру нәтижесінде әкімшілік іс қозғалды

дербес деректің таралуы

Алматы әкімдігінің туристік турнесіне 1 млрд теңгедей бюджет қаражаты жұмсалған

Алматы әкімді