USD
USD
USD

Тоқаев сынады, бас санитар қызметтен кетті

Елорданың бас санитар дәрігері Сәдуақас Байғабылов Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сынынан кейін қызметінен кетті, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Тоқаев сынады, бас санитар қызметтен кетті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NЕGE. «Өз еркіммен Нұр-Сұлтан қаласының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы қызметінен кеттім. Еліміздің басты мегаполисінде қызмет ету үлкен жауапкершілік болды. БАҚ өкілдеріне, ақпараттық агенттіктерге, журналистерге, тілшілерге, жаңалық тарататын телеарналарға бірлесе атқарған белсенді жұмыс үшін алғыс білдіргім келеді», – деді Байғабылов. 

Сондай-ақ, ол Facebook желісіндегі  «Астана, хочу похвастать/пожаловаться» және «Астана - Что? Где? Когда?» топтарына, сондай-ақ елорда тұрғындарының департаментке қатысты сыны мен алғыстары үшін рақметін айтты.  «Әлеуметтік желілер қазақстандықтардың қоғамдық-саяси өміріне етене байланысты және әлеуметтік желілер көптеген мәселелерді шешуде және мәселеңезді жеткізуі мен естілуіне себепші бірден-бір құрал. Мемлекеттік органдардың басшылары әлеуметтік желілердегі шағымдар мен жазбаларға дереу ден қоюы қажет. Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіні мысалында Мемлекет басшысының сынына қалмау үшін. Мүмкін, әрбір мемлекеттік қызметкер, қандай қызметте болғанына қарамастан, Мемлекет басшысының сынына қалса, онда қызметінен кетуі керек», – деді Байғабылов.  Сәдуақас Байғабылов Нұр-Сұлтан қаласының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы қызметіне 2018 жылы отырған еді. 2017-2018 жылдары Премьер-министр кеңсесінің әлеуметтік-экономикалық бөлімінің денсаулық сақтау секторының бас кеңесшісі болып жұмыс істеген. 

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтар бензин сапасына 92 рет шағымданған: көш басында қай қала?

бензин сапасы

Атырау мұнай өңдеу зауытында төтенше жағдайлар кезінде 100 тоннадан астам газ жағылған

Атырау мұнай өңдеу зауыты

Мешітте балаларды ұрған ұстазға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Мешіт ұстазы

Көршісі ұрып, кейін өзі арыз жазған: әнші BikaBreezy ақталды

Bikabreezy