Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Тоқаев Си Цзиньпиннің ұсынысын қабылдады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің шақыртуын қабылдап, БРИКС+ форматындағы келіссөздерге қатысатын болды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Тоқаев Си Цзиньпиннің ұсынысын қабылдады
Фото: NEGE.kz

Елорда, NEGE. «21 маусымда Мемлекет басшысы Ақордада Қазақстанның шахмат федерациясы өкілдерімен және отандық танымал шахматшылармен кездеседі. 

23 маусымда Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық полицияның 30 жылдығына арналған салтанатты шараға қатысады. 

24 маусымжа Президент ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің шақыруымен ғаламдық даму бойынша БРИКС+ форматында видеоконференция режимінде келіссөздерге қатысады», деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

БРИКС-ке Бразилия, Ресей, Үндістан, Қытай және ОАР мүше. Си Цзиньпин Қ.Тоқаевты келіссөздерге қатысуға шақырғаны 22 мамырда белгілі болған еді.

Қазір оқып жатыр

Журналист Гүлнар Бажкеноваға үкім шықты

Гүлнар Бажкенова

Экономист Алматыдағы автотұрақтардың құнын 1 мың теңгеге дейін көтеруді ұсынды

ақылы тұрақ

ОСК: Аккредиттелген байқаушылар саны Құрылтай сайлауына халықаралық қызығушылықтың жоғары екенін көрсетеді

Нұрлан Әбдіров

Бақытжан Базарбек көлікпен қағып кетті деген жігіттің туыстары мәлімдеме жасады

Бақытжан Базарбек және жәбірленуші тарап