USD
USD
USD

Тоқаев Си Цзиньпиннің 70 жасқа толған мерейтойына орай құттықтау жеделхатын жолдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің 70 жасқа толған мерейтойына орай құттықтау жеделхатын жолдады

Тоқаев Си Цзиньпиннің 70 жасқа толған мерейтойына орай құттықтау жеделхатын жолдады
Фото: NEGE.kz

 

Алматы, NEGE. Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдың саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени-гуманитарлық салаларын дамытуға және халықаралық аренадағы жоғары беделін ілгерілетуге Си Цзиньпиннің қосқан жеке үлесін жоғары бағалады.

Мемлекет басшысы Қытай халқының игілігін қамтамасыз етуге бағытталған ҚХР Төрағасының бастамалары мен ауқымды реформаларының табысты жүзеге асырылуына тілектестік білдірді. Президент Қазақстанның екі ел арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестік пен ынтымақтастықты нығайтуға ниетті екенін тағы да растады.

– Біздің бірлескен күш-жігеріміз екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және Қазақстан мен Қытай арасындағы көпжақты серіктестікті сапалы жаңа деңгейге шығаруға толық ықпал ететініне сенімдімін, – деп жазылған жеделхатта.

Қазір оқып жатыр

«Ұмай» ипотекасына бөлінген 20 млрд теңгенің лимиті бір күнде таусылды

Пәтер кілті

«Қазпоштаны» табысқа шығарған Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Әсел Жанасова

Нұрлан Сауранбаев көлік министрі қызметінен босатылды

Нұрлан Сауранбаев

Алматыда автобустар саны азайды: тұрғындар әкімдікке шағымдануда

Қоғамдық көлік