USD
USD
USD

Тоқаев шетелге шығарылған қаражатты қайтару жоспарын әзірлеуді тапсырды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке шетелге заңсыз шығарылған ақшаны қайтару бойынша ұсыныстар әзірлеуді тапсырды.

Тоқаев шетелге шығарылған қаражатты қайтару жоспарын әзірлеуді тапсырды
Фото: NEGE.kz

Астана. NEGE. «Үкіметке екі ай мерзім ішінде шетелге заңсыз әкетілген қаржыны және онда сатып алынған активтерді елге қайтару жөнінде ұсыныстар беру тапсырылады. (...) Адал еңбек, әділ сыйақы идеологиясы компрадорлар (шетелдік капитал мен дамушы елдің ұлттық нарығы арасында делдал болған кәсіпкер - еск.), уақытша жұмыс істейтіндер дүниетанымын алмастыруы керек. Бұл әлеуметтік-экономикалық аспектілерге, мемлекеттік саясат мәселелеріне, ұлттық бірегейлік пен жастарды тәрбиелеуге әсер ететін үкімет пен қоғамның ортақ міндеті», – деді Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Президент бизнестен салық төлеуде адалдық пен әлеуметтік жауапкершілік талап етілетінін айтты.

«Мұндай тәсілдің бір көрінісі – «Қазақстан халқына» қорына қайырымдылық. Мен бұған дейін де айттым және бүгін де қайталаймын, оны құру негізінен ірі ұлттық буржуазияның есебінен жүруі керек, дегенмен басқа компаниялардың, соның ішінде шетелдік инвесторлардың салымдары, әрине, құпталады.

Мен тағы да айтамын – бұл мәжбүрлеу емес. Табысты компаниялар мен азаматтардың ұлттық игілікті мақсаттарға қаражат бөлуіне мүмкіндік», – деп қосты ол.

Қазір оқып жатыр

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық

Қазақстан бензин мен дизель отынын шетелге шығаруға тағы алты айға тыйым салды

Ресейге бензин жеткізу

Ақтөбеде тағы бір келіншек бұрынғы күйеуінің қолынан ажал құшты: күдікті ұсталды

Полиция көлігі