USD
USD
USD

Тоқаев «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповты қабылдады

Кездесу барысында «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамын одан әрі дамыту перспективалары қарастырылды.

Тоқаев «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповты қабылдады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Мемлекет басшысына Қор тобы активтерінің құнын көтеру жолдары туралы мәлімет берілді. Атап айтқанда, корпоративтік басқару есебінен портфельді компаниялардың тиімділігін арттыру, «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасын іске асыру, шағын және орта бизнесті қолдау және сатып алулардың ашықтығы есебінен импортты алмастыру, сондай-ақ шетелдік серіктестермен бірлесіп инвестиция құю мәселелері қаралды.

Сонымен қатар Президентке Қор қызметінің күтілетін нәтижесі, маңызды жобалар мен жекешелендіру бағдарламасының іске асырылу барысы жөнінде баяндалды.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев инвестициялық жобаларды уақытылы іске асыруға, Қордың құрамындағы компаниялар тобы қызметінің тиімділігін жетілдіруге қатысты нақты тапсырмалар берді.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Qarmet ұжымының ұйымшылдығы мен еңбегін жоғары бағалады

.

Алматыдағы Dostyk Plaza сауда орталығында дабыл қағылып, келушілер сыртқа шығарылды

Dostyk Plaza

Орал қаласы әкімінің орынбасарына 648 мың теңге айыппұл салынды

Шенеунік

Қазақстанда мобильді аударымдарды тексеру шегі 1,5 миллион теңгеге дейін көтерілмек

Смартфон