USD
USD
USD

Тоқаев сайлауды әділ өткізу жайында: Жіті қадағалаймын

Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы Мәжіліс және мәслихаттар депуттарының сайлауымен басталуының символдық мәні зор. Бұл туралы «Nur Otan» партиясының кезектен тыс XX Съезінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

Тоқаев сайлауды әділ өткізу жайында: Жіті қадағалаймын
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы Мәжіліс және мәслихаттар депуттарының сайлауымен басталмақ. Мұның символдық мәні зор. Бұл дода барлық мерейтойлық іс-шараларға идеологиялық және мазмұндық тұрғыдан тың серпін беретіндігі анық. Алдағы сайлау қоғамның біртұтастығын және береке-бірлігімізді бекемдей түседі деп сенемін», - деді Мемлекет басшысы.

ҚР Президенті бұл науқан ашық, әділ әрі заңды өтуі үшін барлық жағдайдың жасалатындығын баса айтты.

«Мен Мемлекет басшысы ретінде мұны жіті қадағалаймын. Осыған орай Орталық сайлау комиссиясына және Бас прокуратураға нақты тапсырма бердім. Барша сайлаушыларды азаматтық белсенділік танытып, сайлауға қатысуға шақырамын. Еліміздің игілігі және мемлекетіміздің мүддесі жолында табысқа бірге жете берейік. Отанымыз мәңгі жасасын! Халқымыз әрқашанда аман болсын!», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қазір оқып жатыр

Тағдыр тауқыметін тартқан жүз әйел көлік жүргізуді тегін үйреніп шықты

Көлік апаты

«Қазатомөнеркәсіп» акциялары 4%-дан астам құлады: сарапшылар не дейді?

Қазатомөнеркәсіп

«Ғаламат ғасыр» жұлдызы мен Түркияның өзге де танымал тұлғалары есірткі ісі бойынша ұсталды

Дениз Чакыр

«Таңғы 7:00-де жұмысқа келсін»: Қырғыз депутаты Бішкектегі кептелісті азайтудың жолын ұсынды

уақыт