Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Тоқаев Саха Республикасының басшысы Айсен Николаевты қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Саха Республикасының (Якутия) басшысы Айсен Николаевты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Тоқаев Саха Республикасының басшысы Айсен Николаевты қабылдады
Фото: NEGE.kz

 

Алматы, NEGE. Кездесуде Қазақстанның өңірлері мен Саха Республикасы арасындағы сауда-экономикалық, ғылыми және мәдени-гуманитарлық, сондай-ақ цифрландыру салаларындағы өзара тиімді кооперацияларды дамытудың перспективалары талқыланды.

Мемлекет басшысы белсенді өңіраралық ынтымақтастық өзара сауда көрсеткіштеріне оң ықпал еткенін айтты. Президенттің пікірінше, өңіраралық сауда көлемі айтарлықтай артты. Қазақстан сауда қатынастарын одан әрі тереңдетуге мүдделі. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Саха Республикасын тамыры терең тарихи және мәдени-гуманитарлық қарым-қатынастар байланыстыратын атап өтіп, ынтымақтастықты кеңейтуге ерекше назар аударатынын айтты.

Кездесуде Айсен Николаев Саха елі Қазақстан компанияларымен өнеркәсіп өнімдері, минералды ресурстар және зергерлік бұйымдар салаларында сауда-саттық жасауға дайын екенін жеткізді.

Сонымен қатар Якутия цифрлық технология, креативті индустрия мен кинематография бағытында да байланыс жасауға ниетті.

Қазір оқып жатыр

Танымал қазақстандықтар Құрылтай сайлауының қарсаңында «Әділет» партиясына қолдау танытты

«Әділет» партиясының баспасөз қызметі

Сот Ұлдана Мырзуанның бұрынғы күйеуін жәбірленуші мәртебесінде қалдырды

Әділет Зейнел

Журналист Гүлнар Бажкеноваға үкім шықты

Гүлнар Бажкенова

Марқұм Ұлдана Мырзуанның бұрынғы күйеуі жәбірленуші мәртебесінен бас тартпақ

Әділет Зейнел