USD
USD
USD

Тоқаев Садыр Жапаровпен телефон арқылы сөйлесті

Қырғыз тарапының бастамасымен Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Тоқаев Садыр Жапаровпен телефон арқылы сөйлесті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Мемлекет басшысы ұлықтау рәсімінің сәтті өткенін атап өтіп, Садыр Жапаровты Қырғыз Республикасының Президенті болып сайлануымен тағы бір мәрте құттықтап, бауырлас қырғыз халқының өркендеуі мен игілігі жолындағы жауапты қызметіне сәттілік тіледі.

Тараптар достыққа, тату көршілікке және стратегиялық әріптестікке құрылған қазақ-қырғыз қатынастарының беріктігін нақтылап, екіжақты ықпалдастықты жаңа деңгейге көтеру мақсатында бірлесіп белсенді жұмыс істеуге дайын екендерін растады.

Садыр Жапаров Қазақстан Президентінің ізгі тілегіне алғыс айтып, қызметке кірісуіне орай Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтау хат жібергені үшін ризашылығын білдірді. Әңгімелесу барысында алдағы уақыттағы жоғары деңгейдегі кездесулердің кестесі, оның ішінде, қырғыз көшбасшысының Қазақстанға сапары талқыланды.

Қазір оқып жатыр

Kaspi.kz медициналық ұйымға тіркелу қызметін іске қосты

Kaspi.kz

Құны 1,5 млрд теңге болатын алтын Қазақстаннан шетелге мыс кені ретінде заңсыз шығарылған

ҚМА

Қазақстанда әскери қызмет екі кезеңге бөлінеді

Ақорданың баспасөз қызметі

Қазақстандағы 1С деректері қайда сақталады?

1C