USD
USD
USD

Тоқаев Petrovietnam компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Хоанг Куок Выонгты қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Petrovietnam компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Хоанг Куок Выонгты қабылдады.

 Тоқаев Petrovietnam компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Хоанг Куок Выонгты қабылдады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Кездесу барысында энергетика және мұнай-газ химиясы салаларындағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды. Мемлекет басшысы мұнай мен газ өңдеу және геологиялық барлау салаларындағы жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық танытқан инвесторларға салықтық және кедендік жеңілдіктер ұсыну мүмкіндіктері бар екеніне назар аударды.

Өз кезегінде Хоанг Куок Выонг Қасым-Жомарт Тоқаевқа компанияның энергетика және мұнай химиясы салаларында жүзеге асырып жатқан жобалары туралы баяндады.

Petrovietnam – Оңтүстік Шығыс Азияның мұнай-газ өнеркәсібіндегі басты ойыншылардың бірі. Активтерінің жалпы құны 40 милллиард долларға бағаланады.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жүк көліктерінің жүргізушілерін ереуілге шақырған ер адам ұсталды

.

Қазақстан соңғы 15 жылдағы ең мол астықтың бірін жинады

Астық

Қазақстан ірі халықаралық букмекерлік компанияның иелеріне іздеу жариялады

.

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты