USD
USD
USD

Тоқаев Пәкістанға гуманитарлық көмек көрсетуді тапсырды

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚР Үкіметі Пәкістан Ислам Республикасына адам өліміне әкеп соққан нөсер жаңбыр мен су тасқыны салдарын жою үшін $400 мың мөлшерінде гуманитарлық көмек көрсетеді.

Тоқаев Пәкістанға гуманитарлық көмек көрсетуді тапсырды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Бұл мәселе Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен гуманитарлық көмек көрсету жөніндегі комиссияның отырысында қаралды.

Ресми мәліметтер бойынша, Пәкістанда табиғи апаттан 1033 адам қаза болды, оның ішінде 343 бала, сондай-ақ тұрғын үйлер мен инфрақұрылым қирады. Шамамен 35 млн адам баспанасыз және азық-түліксіз қалды.

27 тамызда Пәкістан Премьер-Министрі Ш. Шариф халықаралық қауымдастықтан көмек сұрады.

28 тамызда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан Президентіне су тасқыны салдарынан адамдардың қаза болуына байланысты көңіл айтты.

Қазір оқып жатыр

Түркістан облысындағы ауылдарда сел жүріп, тұрғын үйлер мен қора-жайларды су басты

Сел

Ресейден 2,1 млн вакцина жеткізілмек: Қазақстанда тұмауға қарсы екпе басталды

Дәрігер

Лауазымды адамдар «Семей орманында» ағашты заңсыз кесу схемасын ұйымдастырды деген күдікке ілінді

Ағаш тиеген жүк көлігі

Александр Лукашенко қазақтар мен белорустарды «қан байланыстырған жақын халықтар» деп атады

Олжас Бектенов, Александр Лукашенко