USD
USD
USD

Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті  

Әңгімелесу барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Шавкат Мирзиёевті Өзбекстан Республикасының Конституциясына өзгерістер енгізу жөніндегі жалпыхалықтық референдумның сәтті өтуімен құттықтады.

Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті  
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қасым-Жомарт Тоқаев жалпыұлттық таңдау еркінің қорытындысы Президент Шавкат Мирзиёевтің стратегиялық бағдарына өзбек халқының зор сенім білдіріп, қолдағанының дәлелі екенін атап өтті.

Қазақстан мен Өзбекстан президенттері екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік пен ынтымақтастықты нығайтуға ниетті екенін тағы да растады. 

Мемлекеттер басшылары қазақ-өзбек қатынастарының қарқынды дамып келе жатқанын атап өтіп, бұған дейін қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру мәселесін талқылады.

Сондай-ақ президенттер алдағы уақытқа жоспарланған іс-шаралар кестесін қарастырды.

Қазір оқып жатыр

«Соңғы нәтиже сын көтермейді»: Скотт Манн ұлттық құраманың ойынына қатысты үн қатты

Скотт Манн мен Джон ван ’т Схип/kff.kz

Қарашадағы жиналыс. «Алтыналмас» НЕГЕ дайындалып жатыр?

Almas

Отбасы банк қарызды өтеу үшін несие беруді уақытша тоқтатты

Отбасы банк

Қырғызстанның бұрынғы президентінің ұлы 4 жылға сотталды

Қадырбек Атамбаев