USD
USD
USD

Тоқаев Орталық Азия мемлекеттерінің басшыларымен кездеседі

20-21 шілдеде Шолпан-Атада Орталық Азия мемлекеттері басшыларының консультативтік кездесуі өтеді.

Тоқаев Орталық Азия мемлекеттерінің басшыларымен кездеседі
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Кездесуге Қырғызстан президенті Садыр Жапаров, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон, Түркіменстан президенті Сердар Бердімұхамедов, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев қатысады.

- Ел басшылары аймақтық қауіпсіздікке төнген қауіп-қатерлер мен қиыншылықтарға бірлесіп жауап беруде Орталық Азия мемлекеттерінің өзара іс-қимылын нығайту мәселелері бойынша пікір алмасады, аймақ мемлекеттерінің тұрақты экономикалық өсімін қамтамасыз ету мақсатында ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын талқылайды. Сондай-ақ Орталық Азия мемлекеттері арасындағы мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимылды одан әрі нығайту мәселелері қаралады, -, Қырғызстан президенті әкімшілігінің сыртқы саясат бөлімінің меңгерушісі Мұратбек Азымбакиев.

Орталық Азия мемлекеттері басшыларының кезекті консультативтік кездесуі аясында аймақ елдері арасындағы достықты, тату көршілік пен ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған құжаттарға қол қою жоспарлануда.

Сонымен қатар, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров кейбір елдердің басшыларымен екіжақты кездесулер өткізеді.

Қазір оқып жатыр

Құрылтай сайлауы: негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары жарияланды

үгіт-насихат

Алматыдағы көшелердің біріне Денис Теннің аты берілді

Денис Тен

Президент рақымшылық жасау туралы заңға қол қойды

амнистия

Кландар бірікпей, Қазақстан ӘЧ-ге шыға алмайды – Ермұхамед Мәулен

Қазақстан Ұлттық Футбол Құрамасы