USD
USD
USD

Тоқаев Орталық Азия елдерін күш біріктіруге шақырды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия елдерін мемлекеттер арасындағы қарым-қатынасты бұзу әрекеттеріне қарсы күресте күш біріктіруге шақырды.

Тоқаев Орталық Азия елдерін күш біріктіруге шақырды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Тоқаевтың айтуынша, Орталық Азия елдері ақпараттық кеңістікте бүкіл аймаққа зиян келтіретін келеңсіз құбылыстардың алдын алу үшін өзара іс-қимылды күшейтуі керек.

"Бұл жұмыстың мәні біздің достығымыздың мызғымастығында болуы керек. Біз мемлекетаралық және ұлтаралық араздықты қоздыру арқылы қарым-қатынасымызды бөлуге бағытталған кез келген әрекеттерге қарсы тұру үшін бірігуіміз керек", - деді Тоқаев мемлекет басшыларының IV консультативтік кеңесінде.

Тоқаевтың айтуынша, Орталық Азия БАҚ-тарында ел өңірлеріндегі жаңалықтарды жариялауда өткір ақпараттық тапшылық сезіледі. 

"Бұл тенденцияны өзгерткен жөн. Бәлкім, аймақтық телеарна немесе жаңалықтар сайтын құрудың мәні бар шығар. Осы жайттарды егжей-тегжейлі зерделеу үшін Орталық Азияның тиісті ведомстволары мен ақпарат агенттік басшыларының тұрақты негізде кездесулерін өткізген тиімді болар еді", - деп қосты Қазақстан Президенті.

Қазір оқып жатыр

Шымкентте қос мереке: «Ордабасы» ел чемпионы әрі кубок иегері атанды

Ордабасы

Әзілкеш Данияр Жұмәділов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

daniyar_dzhumadilov/Instagram

Меладзенің Алматыдағы концертінде шу шығарған әйелдер жазаланды

.

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт