USD
USD
USD

Тоқаев Орталық Азия елдері мен Үндістан басшысына өтініш жасады

  Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия елдері мен Үндістан басшысына Ауғанстанға көмек көрсету туралы өтініш жасады.

Тоқаев Орталық Азия елдері мен Үндістан басшысына өтініш жасады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Орталық Азия – Үндістан» бірінші онлайн-саммиті кезінде Тоқаев Қазақстан Ауғанстанмен іс жүзінде өзара іс-қимылды жалғастырып, оған азық-түлік, бірінші кезекте қажетті тауарлар мен дәрі-дәрмек түрінде көмек жіберіп отыратынын айтты.

«Біздің саяси көзқарасымызға, жеке сенімімізге қарамастан, біз Ауғанстан мен оның халқын бұрын соңды болмаған қиындықтар мен гуманитарлық дағдарыс кезінде жалғыз қалдырмауымыз керек», – деді Қазақстан басшысы.

Республика президенті қауіпсіз және тұрақты Ауғанстан Азия елдерінің сауда-экономикалық байланыстарын кеңейту және дамуы үшін жаңа мүмкіндік ашатынына сенім білдірді. Тоқаев Қазақстан Ауғанстанмен өзара іс-қимылды жалғастырып, гуманитарлық көмек жіберетінін айтты

Орталық Азия елдері мен Үндістанның тауар айналымы 2020 жылы 3 миллиард долларға жетті, Қазақстанның осы саудадағы үлес салмағы 80%-ті құрады.

«Орталық Азия – Үндістан» онлайн форматтағы бірінші саммитте елдер көшбасшылары мемлекеттер арасындағы түрлі саладағы ынтымақтастықты нығайту және кеңейту перспективаларын талқылады. Іс-шараға Қазақстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан президенттері және Үндістан премьер-министрі қатысты.

Қазір оқып жатыр

Әл-Фарабидегі жол апаты: Zeekr жүргізушісі 10 жылға бас бостандығынан айырылды

Александр Пак

ҰБТ басталған алты аптаның ішінде 624 талапкердің нәтижесі жойылған

ҰБТ

CTS Астанадағы LRT-ның келесі кезеңіне Қытай биржасынан инвестиция тартыла ма?

.

Мәжіліс төрағасы Брест қамалы музейіне Хиуаз Доспанованың мүсінін сыйға тартты

Ерлан Қошанов