Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Тоқаев оқушылар мен студенттерді дәстүрлі оқу жүйесіне қайтаруды тапсырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында оқушылар мен студенттердің дәстүрлі оқу жүйесіне оралуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Тоқаев оқушылар мен студенттерді дәстүрлі оқу жүйесіне қайтаруды тапсырды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Пандемия кезінде оқушылар мен студенттер қашықтан оқуға мәжбүр болды. Бұл жағдай білім сапасына кері әсерін тигізді. Сондықтан, өткен оқу жылында жіберілген кемшіліктердің орнын толтырып, жаңа оқу жылында көштен қалып қоймауымыз керек. Мұның бірден бір жолы – оқытудың бұрынғы форматына көшу екені анық. Үкіметке жаңа оқу жылында оқушылар мен студенттердің дәстүрлі оқу жүйесіне оралуын қамтамасыз етуді тапсырамын. Коронавирустың жаңа штамдары пайда болып жатқан кезде бұл міндетті орындау оңай еместігін түсінемін. Сол себепті оқушылар мен мұғалімдерді барынша қорғайтын кешенді тәсіл әзірлеу керек», - деді Президент Қ. Тоқаев.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда 10 мыңнан астам сайлау учаскесінде дауыс беру басталды

үгіт-насихат

Павлодар облысында алғаш боп дауыс берген сайлаушыларға сыйлықтар табысталды

Сайлау туралы заң

Құрылтай сайлауында Корея мен Жапониядағы қазақстандықтар алғашқы болып дауыс берді

Құрылтай сайлауы

Қазақстанда 1,8 млн бала мен жасөспірім тұрақты түрде спортпен айналысады

ойын