Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Тоқаев неге туған күнін атап өтпейді?

17 мамыр Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күні. Оның баспасөз хатшысы Берік Уәли Президент бұл күнді қалай өткізетінін айтты.

Тоқаев неге туған күнін атап өтпейді?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "Бүгін азаннан бері бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері хабарласып, "Мемлекет басшысы туған күнін қалай атап өтеді?" деп сұрап жатыр. Бұл жайында былтыр арнайы түсініктеме берген едік. Дегенмен тағы бір мәрте айта кетейік.

17 мамыр әдеттегідей жұмыс күні. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бекітілген кестеге сәйкес жұмыс істейді. Сондықтан ешқандай іс-шара ұйымдастырылмайды, тіпті, Әкімшілік қызметкерлеріне де Президентті құттықтауға рұқсат етілмеді. Мемлекет басшысы үшін бүгін қалыпты жұмыс күні. Оның әулетінде балалардың да, үлкендердің де туған күнін тойлау дәстүрі қалыптаспаған", - деп жазды ол.

Берік Уәли қазірдің өзінде көрші мемлекеттердің басшылары және Үкімет, Парламент, халықаралық ұйымдардың жетекшілері жүрекжарды тілектерін жеделхаттар арқылы жолдап, телефон шалып құттықтап жатқанын айтты.

Қазір оқып жатыр

Абай облысындағы дала өртін сөндіруге тікұшақ тартылды

дала өрті

Алдағы күндері Алматының бірнеше шағынауданында жарық болмайды

жарық сөнеді

БҚО-да жаңа оқу жылына дейін 8 мектеп пайдалануға беріледі

мектеп БҚО

Бір «Барни» үшін күйеуімен жанжалдасқан: Жамбылда жас ана көз жұмды

Тұрмыстық зорлық-зомбылық