USD
USD
USD

Тоқаев Назарбаев Университетінің президенті Шигео Катсуды қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Назарбаев Университетінің президенті Шигео Катсуды қабылдады

Тоқаев Назарбаев Университетінің президенті Шигео Катсуды қабылдады
Фото: NEGE.kz

. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады.

Алматы, NEGE. Қасым-Жомарт Тоқаевқа Назарбаев Университетінің қазіргі жұмыстары мен алдағы кезеңге арналған жоспары туралы баяндалды.

Әңгімелесу барысында білім беру және ғылыми-зерттеу жұмыстарының перспективаларына, түрлі саладағы жаңа технологиялар мен инновацияларды әзірлеу мәселесіне ерекше назар аударылды.

Шигео Катсудың  айтуынша, Университет Қазақстандағы жоғары білім беру ісінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға өз үлесін қосуға дайын. Оқу орнының қызметі ұлттық экономика мен еліміздегі әлеуметтік саланы  жаңғыртуға бағытталған.

Мемлекет басшысы жуық арада Назарбаев Университетіне баруға ниетті екенін айтты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шигео Катсуды 70 жасқа толған мерейтойымен құттықтап, жоғары біліктілігі мен Қазақстанның білім беру саласындағы көпжылғы жемісті еңбегі үшін оған алғыс білдірді.

Қазір оқып жатыр

Астанада Ақтөбе облысының 100-ден астам өнерпазы мен креаторы бас қосты

.

Саят Исанов Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысы болып тағайындалды

Арнайы күштер

Маңғыстауда қаза тапқан сарбаздардың отбасыларына жиналған қаржы таратылды

Маңғыстау

ExxonMobil Қашағандағы 2,3 трлн теңгелік айыппұл дауын реттеу келісімін қолдамады

Қашаған