USD
USD
USD

Тоқаев мұнай саласында еңбек сіңірген азаматтарды марапаттады

Мемлекет басшысы «Теңізшевройл» компаниясының 30 жылдығына арналған салтанатты жиынға қатысты.

Тоқаев мұнай саласында еңбек сіңірген азаматтарды марапаттады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Президент «Шеврон» корпорациясы Қазақстанмен бірлескен кәсіпорын ашқан алғашқы шетел компаниясы екенін атап өтіп, компанияның 30 жылдық мерейтойы еліміздің мұнай-газ саласы үшін айтулы оқиға екенін айтты.

Мемлекет басшысының Жарлығымен өндірістік қызметке сіңірген ерекше еңбегі үшін, сондай-ақ «Теңізшевройл» ЖШС 30 жылдығы құрметіне орай наградталды:

 «Құрмет» орденімен:

1. Оразов Жанұзақ, еңбек ардагері;

2. Сейтаев Жеңіс Сейітжапарұлы, еңбек ардагері;

3. Сүйесінов Көбентай, еңбек ардагері.

III дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен:

1. Әбілғазиев Мұхит Малашұлы, еңбек ардагері;

2. Қарабалин Мырзақуат Әбілқайырұлы, еңбек ардагері;

3. Торопкин Леонид Иванович, еңбек ардагері;

4. Ұйпақов Айтқали Жиенәліұлы, еңбек ардагері.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен:

1. Бижанов Данияр Сақтапұлы, «Теңізшевройл» ЖШС екінші буындағы зауытының басқарушысы;

2. Ерниязов Болат Тұрғалиұлы, еңбек ардагері;

3. Жәкиев Орынбай Ысмағұлұлы, еңбек ардагері;

4. Инебаев Руслан Қаршығаұлы, «Теңізшевройл» ЖШС біріктірілген өндірісті басқару орталығының басшысы.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет грамотасымен «Теңізшевройл» зауытының басшысы Нұрлан Бектаев марапатталды.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе