USD
USD
USD

Тоқаев мың мектеп салуды тапсырды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда 2025 жылдың соңына дейін 1000 мектеп салуды тапсырды.

Тоқаев мың мектеп салуды тапсырды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "Орта білім беру жүйесінің өткір проблемасы - мектептерде орын жетіспеушілігі болып отыр. 225 мың орын тапшы. Шұғыл шаралар қолданылмаса, 2025 жылға қарай ол миллион орынға жетуі мүмкін. Бұған дейін мен 2025 жылдың соңына дейін кемінде 800 мектеп салуға тапсырма берген едім. Бүгін 1000 мектепке дейін жеткізу міндетін қоямын", - деді Президент Қазақстан халқына жолдауында.

Бұған дейін Президент оқуын тастап кететін балалар мәселесі туралы айтқан болатын. 

"Тағы бір мәселе туындады, бұны "қиындық" десе де болады. Балалар оқуын тастап кетіп жатыр. Себебі оның қажеттілігін көрмейді. Мен Үкіметке бұл мәселені байыпты түрде шешуді тапсырамын. Әсіресе, қашықтан оқыту форматына арналған ақпараттық жүйелер сапасын арттыру арқылы. Білім беру қолжетімді және инклюзив болуы керек", - деді Мемлекет басшысы.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда қысқа дайындық: жылу желілерінің 65%-ы жөнделді

Жылу

ШҚО-да темір кенін заңсыз өндіріп, 1 млрд теңге табыс тапқан кәсіпкер сотталды

заңсыз кен өндіру

Kaspi.kz арқылы енді жүктілікке және босануға байланысты төлемдерді рәсімдеуге болады

Kaspi.kz

Үкімет Қазақстан экономикасының 2027–2029 жылдарға арналған болжамын таныстырды

Үкімет